Get Adobe Flash player

           

Сайт по миграции

Наши партнеры

Вход в систему

Статистика

Главная

О ходе реализации Программы занятости 2020. Информация предоставлена МТСЗН РК

Еңбек нарығы және жұмыспен қамту

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының іске асырылу барысы туралы

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыруға бағытталған Жұмыспен қамту 2020 (бұдан әрі - Бағдарлама) әзірленіп, 2011 жылғы 1 шілдеден бастап іске асырылады.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 91,2 мың адам Бағдарламаға қатысу мәселесі бойынша әлеуметтік келісімшартқа қол қойды. Әлеуметтік келісімшартқа қол қойған Бағдарлама қатысушыларының қатарынан 62,2 мыңадам (68,2 %) жұмыссыз, 22,9 мың адам(25,1 %) өз бетінше жұмыспен айналысады, 5,5 мың адам (6,0%)  табысы аз адамдар және 518  адам(0,6%) жалдамалы қызметкерлер қатарына жатады. Бұл ретте, 29 жасқа дейінгі жастардың саны 59,6%, әйелдердің үлесі 49,2%  адамды құрайды.

Бірінші бағыт бойынша кәсіптік оқытумен 61,0 мыңадамқамтылды, оның ішінде 48,1 мыңадам кәсіптік даярлаудан өтті, қайта даярлауға 10,9 мың адам жіберілді, біліктілігін арттыруға 2,1 мың адам жіберілді.

Қайта даярлаусыз, бос жұмыс орындары базасында бар бос жұмыс орындарына біліктілігіне сәйкес 13,4 мың адам жұмысқа орналастырылды.

 5,9мыңкәсіпорындармен және ұйымдармен келісім бойынша 25,9 мыңадам әлеуметтік жұмыс орындарына  жұмысқа орналастырылды. Жұмысқа орналастырылған Бағдарлама қатысушыларының айлық орташа жалақысы 45,1 мың теңгені құрады.

7,6 мың жұмыс берушімен жастар практикасын ұйымдастыру бойынша шарт жасалып, оған сәйкес 22,3 мың адам жұмысқа орналастырылды.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқудан 5,6 мың  адам өтті.

Ағымдағы жылы Бағдарламаның 4702 қатысушысы микрокредит алды және 3847 адам өз ісін құрды. Микрокредиттің орташа мөлшері 2,0 млн.теңге деңгейінде қалыптасқан.

Үшінші бағыт бойыншареспубликамыздың 10 өңірінде 189 жеке және көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы (1231 пәтер) жоспарланды. Қазіргі кезде 450 жеке және көппәтерлі тұрғын үйдің (2233 пәтер) құрылысы жүріп жатыр. 366 тұрғын үйге (1244 пәтер)  Бағдарлама қатысушылары және олардың отбасы мүшелері қоныстанды.

Ағымдағы жылдан бастап «Ауылдық елді мекендерді дамыту» деген жаңа төртінші бағытты іске асыру басталады, аталған бағыт әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті орташа және жоғары ауылдық елді мекендерде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру арқылы халықты жұмыспен қамтуға бағытталған.

565 жобаны  іске асыру қарастырылған. Бүгінгі таңда ауылдық жерлерде   жоба бойынша  7,1 мың жұмыс орны құрылды,  оның ішінде  6,9 мың адам  жұмысқа орналасты, олардың  4,1 мыңы Бағдарлама қатысушысы болып табылады.

Бағдарламаны жүзеге асыру үшін 2012 жылы 62 342,7 млн. теңге, оның ішінде кәсіптік оқыту мен жұмысқа орналастыруды ұйымдастыруға - 17 813,8 млн. теңге,  кәсіпкерлікті іске асыруға - 14189,2 млн.теңге, тұрғын үйлермен қамтамасыз етуге – 11 006,1 млн. теңге,  ауылдық елді мекендерді дамытуға – 10 000 млн. теңге бөлінді.

Жергілікті атқарушы органдардың 2012 жылғы 1 қазандағы деректері бойынша жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыз азаматтардың саны 56,6 мың адамды құрады.

Ағымжағы жылдың басынан  республикамыз бойынша жұмыспен қамту органдарына еңбек делдалдығына 284 мың адам жүгінді, оның ішінде 156,1 мыңы жұмысқа орналастырылды.

Еңбек нарығындағы шиеленісті төмендету үшін жергілікті атқарушы органдар жаңа жұмыс орындарын құру жөнінде жүйелі түрде жұмыс жүргізуде.

2012 жылдың басынан 226,1 мың, оның ішінде ауылдық жерлерде  –  105,9 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Бұл ретте құрылыста – 29,1 мың, сауда саласында – 28,4 мың, өнеркәсіптерде 28,0 мың жұмыс орны, ауыл, орман және балық шаруашылықтарында – 20,4 мың жұмыс орны құрылды. Жалпы құрылған жұмыс орындарының 163 мыңы – тұрақты, 63,1 мыңы –уақытша және маусымдық.

Бағдарламаның шеңберінде өткізілетін іс-шаралар, аумақтарды дамыту өңірлік бағдарламаланың іске асырылуы еңбек нарығының жағдайына оң әсерін тигізді.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің алдын ала деректері  бойынша 2012 жылғы үшінші тоқсанда жұмыссыздық деңгейі 5,2%-ға азайды (2011 жылғы үшінші тоқсанда 5,3%). Сондай-ақ, жұмыспен қамтылғандардың саны 8 443 мың адамнан 8 540 мың адамға көбейді. Өз бетінше жұмыспен айналысатындардың жұмыспен қамтылған халықтың құрамындағы үлесі 32,8%-дан 31,6%-ға азайды.

Жастар практикасы бағдарламасының іске асырылуы мен әлеуметтік жұмыс орындарын құру жастар арасында жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне ықпал етті. Жастар жұмыссыздығының деңгейі 0,7 пайыздық тармаққа азайып, 3,8%-ды құраса, 2011 жылғы тиісті кезеңде бұл көрсеткіш 4,5%-ды құраған.

Жоспарланған іс-шаралар:

-Бағдарламасын толық ауқымды іске асыру және оның механизмдерін жетілдіру;

- Жұмыспен қамту саласындағы «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою», «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру» мемлекеттік қызметтерді  азаматтарға электрондық портал арқылы көрсету үшін электрондық форматқа ауыстыру жұмыстарын аяқтау.

Халықтың әл-ауқатын арттыру

Мемлекеттің Конституциясында бекітілген әлеуметтік кепілдіктерді іске асыруда табыс саясаты және халықты әлеуметтік қамсыздандырудың ұйымдастырудың  ерекше мәні бар.

Мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктерді іске асырудың негізі ең төменгі әлеуметтік стандарттар болып табылады.

Еңбекақы төлеу.2012 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 17 439 теңге болып белгіленді, 2011 жылмен салыстырғанда 9 % өсті (2011 жылы – 15 999 теңге).

Экономикалық қызмет түрі бойынша бір қызметкердің орташа номиналдық жалақысы 2012 жылдың қаңтар-тамыз айларында республика бойынша 99 336 теңге құрап, 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 16,5% өсті.

Нақты жалақы индексі 2012 жылдың қаңтарында өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда республика бойынша 11,1%-ды құрады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың мақсатты» Жолдауына сәйкес бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын 2012 жылға қарай 2008 жылмен салыстырғанда  кезең-кезеңімен екі есеге арттыру жоспарланған.

Бұл ретте жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауларын ескере отырып, бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы 2009 және 2010 жылдары жыл сайын 25 %-ға, ал 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап  30%-ға арттырылды.

Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру

Бүгінгі күні елімізде нарықтық экономика қағидаттарына сәйкес келетін және әлеуметтік қамсыздандыру жауапкершілігін мемлекет, жұмыс беруші мен қызметкер арасында бөлуді көздейтін әлеуметтік қамсыздандырудың көп деңгейлі моделі қызмет етеді.

Ынтымақты зейнетақы жүйесі бойынша

2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдері 9 пайызға артты, базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 8 720 теңге құрайды. 2012 жылы базалық зейнетақы төлемдерін ескергенде Қазақстан Республикасы зейнетақы төлемдерінің ең төмен мөлшері  26 211 теңге, ең жоғары мөлшері – 56 047 теңге құрады. Мемлекеттік базалық зейнетақыны есепке алғанда зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 38 654 теңге құрайды.

2012 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша базалық зейнетақы төлемдерін  алушылардың саны 1 795,8 мың адам, зейнетақы төлемдерін алушылар саны - 1 766,8 мың адамды құрады. Қаңтар-қазан айларында базалық зейнетақы төлемдеріне кеткен шығындар 157,8 млрд. теңгені,  ынтымақты зейнетақы төлемдері 524,7 млрд. теңгені құрайды.

Зейнетақымен қамсыздандыру деңгейін арттыру бойынша қолданылған шаралар  халықаралық тәжірибеде қолданылатын  жоғалтқан табысты (40%) алмастыру стандартынан асыруға мүмкіндік берді, ол  базалық және ынтымақты зейнетақыны төлеу есебінен 43,0% құрады. 

Жинақтаушы зейнетақы  жүйесі бойынша

Республиканың зейнетақы қызметтері нарығында 11 жинақтаушы зейнетақы қоры қызмет атқарады. 

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау комитетінің деректері бойынша 2012 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының мөлшері 3,0 трлн. теңге жуық құрады.

Міндетті зейнетақы жарналары есебінен жеке зейнетақы шоттарының саны 8,4 млн. бірлікті құрады.

Таза инвестициялық табыстың сомасы 647,7 млрд. теңгені құрайды.

Инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарнасының  сақталуына мемлекеттік кепілдік көлемі  2012 жылғы 1 қыркүйектегі                     3,1 млрд. теңгені құрады.

Әлеуметтік қамсыздандыру

2012 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша №1 және №2 Тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды (бұдан әрі - МАЖ) алушылар саны 40,5 мың адам болды. 2012 жылы аталған жәрдемақылар мөлшері                     14 562 теңге және 12 944 теңге құрады, тиісінше бұл жәрдемақыны төлеуге шығыс - 5,7 млрд. теңге құрайды.

2012 жылы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының (МӘЖ) мөлшері     7%  артты. 2012 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша МӘЖ-ді алушылар – 653 мың адам, оның ішінде мүгедектігі бойынша – 471 мың адам, асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты – 160,1 мың адам, жасына байланысты - 21,9 мың адам.  2012 жылғы 1 қарашада МӘЖ-дің орташа мөлшері: мүгедектігі бойынша – 16 711 теңгені, асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты  - 8 909 теңгені, жасына байланысты – 8 720 теңгені құрады.

Әлеуметтік сақтандыру туралы

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қолданысқа енгізілгеннен бастап 2012 жылғы 1 қазанға дейін  Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 263,2 млрд. теңге мөлшерде әлеуметтік төлем төленді.

2012 жылғы қазандағы жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 68,5 млрд. теңге сомаға әлеуметтік төлемдер төленді.

2005 жылы міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізумен ресми сектордың жұмысшылары 5 әлеуметтік қатер туындаған кезде қосымша нысанға ие болды.

Нәтижесінде, еңбек ету қабілетінен айрылуы және асыраушысынан айырылу   қатері туындаған  кезде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылатын  адамдардың әлеуметтік қамсыздандыру  деңгейі  міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын адамдарға қарағанда жоғары.

Жоспарланған іс-шаралар:

«Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылы 20 маусымдағы Заңының   5-бабының 3-тармағына  сәйкес Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері жыл сайын арттылады.

Қазіргі кезде 2013-2017 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің базалық болжамының негізінде әзірленген «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы ҚР Парламентінің қарауында. Оның негізінде 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап келесі көрсеткіштер арттырылады:

- зейнетақы төлемдерінің ең төмен мөлшері  (2013 жылда тағайындалатындар үшін) – 19 066 теңге;

- базалық зейнетақы төлемдері – 9 330 теңге         (күн көріс деңгейінен 50 %).

Зейнетақы төлемдерінің мөлшері, оның ішінде толық көлемде емес 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 9 % арттырылады.

Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайына және жасына байланысты мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері күн көріс деңгейінің өзгеруіне байланысты арттырылады.

Жер асты және ашық тау-кендерде, аса зиянды және аса ауыр еңбек жағдайымен жұмыс істенгендер үшін  № 1 және № 2 Тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылар айлық есеп көрсеткіштің өсуіне байланысты арттырылады.

 

Ана мен баланы әлеуметтік қолдау

Заңнамаға сәйкес балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақының                   4 түрі төленеді.

2012 жылғы 1 қарадағы жағдай бойынша бала туғанда берілетін жәрдемақы 322,8  мың адамға берілді, бұл 2011 жылдың осы кезеңінен 5,7 % азайды. Бұл ретте жәрдемақыны төлеуге жұмсалған шығындар 17 млрд. теңге құрады.

Көрсетілген кезінде бала күтіміне берілетін жәрдемақымен 147,8 мың адам қамтылды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,4 %-ға артық. Бұл орайда жәрдемақыны төлеуге жұмсалған шығын 20,4 млрд. теңгені құрады.

Жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себеті құнына төбен отбасыларға (күн көріс деңгейінен 60%) 18 жасқа дейінгі балаларға ай сайын жәрдемақы төленеді. Ағымдағы жылдың 10 ай қорытындысы бойынша табысы аз отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін мемлекеттік жәрдемақымен 593,5 мың бала қамтылып, 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 7,3 % азайды, бұл ретте тағайындалған соманың мөлшері 7 млрд. теңгені құрады.

2012 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жалпы сомасы 10,6  млрд. теңге жәрдемақыны 58,6 мың адам алды.

Жоспарланған іс-шаралар:

Қазіргі уақытта «Бала тууға және бала күтімі бойынша жәрдемақылар  тағайындау» мемлекеттік қызметті электрондық үкімет порталы арқылы азаматтарға көрсету үшін электрондық форматта көрсету бойынша жұмыс аяқталуда.

Халықтың әлжуаз санаттарын әлеуметтік қолдау

ҚР  Статистика   агенттігінің деректері бойынша 2012 жылғы                                  3 тоқсанда ең төмен күнкөріс деңгейі (бұдан әрі - ЕТКД) 17 689 теңге құрап, 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,5 %-ға  (16 930 теңгеге) артты.

Табысы ЕТКД төмен халықтың үлесі 2012 жылдың екінші тоқсанында 4,1 %-ды (қалалық жерде – 2,2 %-ды, ауылдық жерде – 6,4 %-ды) құрап, 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,8 пайыздық тармаққа (5,9%) азайды.

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы

2012 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 1289,9 мың адам қамтылды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,2 % артық.

Бұл ретте, жәрдемақының төлеміне арналған шығын 62,8 млрд. теңгене құрады немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,9% артық.

Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК)

АӘК 2012 жылғы 1 қарашада табысы кедейлік шегінен төмен 94,4 мың адамға тағайындалды. Тағайындалған сома қазіргі кезеңде 1,6 млрд. теңге құрайды.

АӘК алушылардың ішінде жұмыссыз азаматтар үлесі – 7,6 %, бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 0,5 пайыздық көрсеткішке төмендеді.

АӘК алушылардың қатарында басым көпшілігін, яғни 62,3 %-н балалар құрайды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,3 % артық.

Тұрғын үй көмегі

2012 жылдың 3 тоқсанында тұрғын үй көмегі 105,6 мың отбасына тағайындалды, бұл 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15,7 % аз. Бұл орайда тағайындалған сома 2,1 млрд. теңгені құрайды. Тұрғын үй көмегінің орташа мөлшері 25,1 % өсті және 2168,9 теңге құрады.

Жоспарланған іс-шаралар:

           -ең төменгі күнкөріс деңгейін айқындау әдіснамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

          - Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы аясында аз қамтылған халықтың еңбекке қабілетті бөлігін экономикалық белсенділікке бейімдеу.

         Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету туралы

«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін реформалау жүргізуде, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттары кезең-кезеңмен енгізілуде.

Реформаның 1 кезеңі іске асыруға 2009 – 2011 жылдары республикалық бюджеттен жұмсалған қаражаттың көлемі 17,5 млрд. астам теңгені құрады.

Жылдың басындағы жағдай бойынша әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінде:

-стационарлық үлгідегі 103 медициналық-әлеуметтік мекемеде,  жартылай стационарлық үлгідегі 37 ұйымда,  үйде әлеуметтік көмек көрсететін 482 бөлімшеде 78 мыңнан астам қарт пен мүгедек, оның ішінде мүгедек бала қамтамасыз етілді.

Анықтама: стационарлық үлгідегі 103 медициналық-әлеуметтік мекемеде 20 мыңнан астам қарт пен мүгедек, оның ішінде мүгедек бала;- жартылай стационарлық үлгідегі 37 ұйымда 7,2 мың адам; қарттар мен мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға арналған  үйде әлеуметтік көмек көрсететін 482 бөлімшеде.

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің жаңа жүйесін енгізу үкіметтік емес секторлардың белсенді қатысуымен де байланысты. Осыған орай, жергілікті атқарушы органдар арнаулы әлеуметтік қызметті үкіметтік емес секторлардан сатып алуға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс орналастырды.

2012 жылы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша әлеуметтік тапсырыс 52 ҮЕҰ ішінен 16 өңірде 2,0 мың астам  адамды қамти отырып, іске асырылды.

Стандарттарды іске асыруға 2012 жылы республикалық бюджеттен 2,2 млрд. теңге бағытталды, оның ішінде:

медициналық-әлеуметтік мекемелерге стандарттар енгізуге – 1451,2 млн теңге;

ҮЕҰ арасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға – 457,3 млн. теңге;

күндізгі бөлімшелер жүйесін дамытуға – 300,4 млн. теңге.

2012 жылғы қаңтардан бастап Алматы және Астана қалаларында, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартын енгізу басталды.

Аталған стандартты іске асыру үшін  2012 жылы республикалық бюджеттен, облыстар мен Астана, Алматы қалаларының бюджетінен көлемі 155,6 мың теңгені құрайтын ағымдағы нысаналы трансферттер қарастырылды.

Жоспарланған іс-шаралар:

- арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету институционалдық жүйесін жетілдіру;

- арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің баламалы нысандарын дамыту;

- арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің бәсекелестік нарығын дамыту.

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы

«Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстанда мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың заңнамалық негізі болып табылады. Аталған Заң бойынша оңалу мүмкіндігіне сәйкес  әрбір мүгедек үшін медициналық, әлеуметтік және кәсіптік бөліктерінен құралған жеке оңалту бағдарламасы әзірленеді.

2011 жылы 14,3 мыңнан астам мүгедек жеке оңталату бағдарламасына сәйкес  протездік-ортопедиялық,   есту протезі көмегімен, кресло-арбалармен, санаторлық-курорттық емдеумен  сурдотехникалық,  тифлотехникалық бұйымдар ұсынумен  мүмкіндіктері шектеулі 88 мың адам немесе мұқтаж адамдардың жалпы санынан 93% қамтылды.

Анықтама: протездік-ортопедиялық бұйымдармен және протездік-ортопедиялық көмекпен 14,3 мыңнан астам мүгедек қамтылды, 5,2 мыңнан астам кресло-арбалар сатылып алынды, 7,9 мың сурдотехникалық, 7,8 мың тифлотехникалық құралдар ұсынылды, 25,8 мыңнан астам мүгедектер міндетті гигиеналық құралдарды алды. Жеке көмекшінің 8,7 мың мүгедек, 3,3 мың мүгедек ымдау тілі маманының қызметімен қамтылды.

Көлікке, қоғамдық, тұрғын-үй және өндіріс ғимараттарына мүгедекердің кедергісіз қол жетімділігін қамтамасыз ету жұмыстары енгізілуде.

  Объектілерге түгендеу жүргізу мониторингі  2012 жылғы 1 қаңтарда республика бойынша  мүгедектерге арналған 11,4 мың жол, пандустар мен кресло-арбаларға арналған құрылғылар (32 %) салынғанын, 485 (10 %) жаяу жүргіншілердің жолдары дыбыс және жарық құрылғыларымен жабдықталғанын мүгедектерге қызмет көрсетуге арналған арнайы 879 автобус (6 %), 3,7 мың жолаушы аялдамалары жүріп-тұруы қиын мүгедектер үшін қоғамдық көлікке отырғызуға арналып ыңғайластырылғанын (30%), өңірлерде 132 инва-такси қызмет көрсететіндігін көрсетті. 

Қазіргі кезде мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның факультативтік хаттамасын және БҰҰ конвенциясын ратификациялауға Қазақстанда жағдай жасау жұмыстары енгізілуде.

Жоспарланған іс-шаралар:

Тіршілік ету саласында (қол жетімді орта) мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін бірдей жағдай жасау мақсатында, Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының шеңберінде (бұдан әрі - Жоспар) мүгедектерді әлеуметтік қорғау жүйесі реформалау  жалғасуда. Оның ішіне тіршіліктегі барлық салалардағы мүгедектерде бар болған мүмкіндіктерін іске асыруға және одан әрі дамытуға негізгі кедергілерді жоюға бағытталған іс-шаралар кешені кіреді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 64 қаулысымен бекітілген іс-шаралар жоспары 3 міндетті көздейді:  

Бірінші міндет- нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы мүгедектердің құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді біріздендіру жұмыстарын жүргізу. Жоғарыда аталған іс-шараларды іске асыру үшін жұмыс топпен 24 нормативтік құқықтық актіге  толықтырулар мен өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірледі.

Екінші міндет-  мүгедектердің әлеуметтік көліктің инфрақұрылым қызметтерін паспорттау жүргізу арқылы объектілерге тіршілік ету саласындағы қызметтерге кедергісіз қол жетімділігін қамтамасыз ету жағдайларын бағалау;

Үшінші міндет- мүгедектердің проблемаларына қоғамның оң көзқарасын қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары арқылы халықтың хабардарлығын аттыру.


Рынок труда и занятость

 

О  ходе реализации Программы занятости 2020

С 1 июля 2011 г. реализуется Программа занятости  2020  (далее – Программа), разработанная по поручению Главы государства, нацеленная  на повышение доходов населения, путем содействия устойчивой и продуктивной занятости.      

По данным местных исполнительных органов по состоянию на                       1 октябрят. г. подписаны социальные контракты 91,2тысячами желающих принять участие в Программе, в числе которых безработными являются – 62,2тыс. человек (68,2%), самостоятельно занятыми – 22,9  тыс. человек (25,1%), малообеспеченными -5,5 тыс. человек(6,0%) и 518 человек (0,6%) относятся к категории наемных работников. При этом доля молодежи в возрасте до 29 лет составляет  59,6% , доля женщин– 49,2%.

В рамках первого направления Программы  профессиональным обучением охвачено 61 тыс. человек,  в том числе профессиональную подготовку проходили 48,1 тыс. человек, на переподготовку направлено 10,9 тыс. человек, на повышение квалификации – 2,1 тыс. человек.

Без переобучения, в соответствии с имеющимися квалификациями, трудоустроено на имеющиеся в базе вакансий свободные рабочие места  13,4 тыс. человек.

По договоренности с более 5,9 тысячами предприятий и организаций по стране на социальные рабочие места трудоустроено 25,9 тыс. человек. Средний размер заработной платы по которым сложился в размере   45,1 тыс. тенге.

На организацию молодежной практики заключены договора с 7,6 тыс. работодателями, в соответствии с которыми трудоустроены 22,3 тыс.человек.

В рамках второго направления Программы  5,6 тыс. человек  прошли обучение основам предпринимательства.  

В текущем году  4702  участника Программы  получили микрокредиты и 3487 человек создали собственное дело. Средний размер микрокредита сложился на уровне 2 млн. тенге.  

По третьему направлению  Программыв  10 регионах республики было запланировано строительство 189 индивидуальных и многоквартирных жилых домов (1231 квартира). В настоящее время ведется строительство 450 индивидуальных и многоквартирных жилых домов (2233 квартиры). Участниками Программы и членами их семей заселено 366 домов (1244 квартиры).

С текущего года началась реализация нового четвертого направления «Развитие сельских населенных пунктов», нацеленное на обеспечение занятости населения путем реализации инфраструктурных проектов в сельских населенных пунктах, со средним или высоким потенциалом социально-экономического развития.

Предусмотрена реализация 565 проектов. Сегодня на проектах уже создано 7,1 тыс. рабочих мест в сельской местности, на них трудоустроено 6,9 тыс. человек, из которых участниками Программы являются 4,1 тыс. человек.

На реализацию Программы занятости в 2012 году направлено  62 342,7 млн. тенге, из них на организацию профессионального обучения и трудоустройство 17 813,8 млн. тенге, на развитие предпринимательства  - 14 189,2 млн. тенге, обеспечение жильем - 11 006,1 млн. тенге, развитие сельских населенных пунктов 10 000 млн. тенге.

По данным местных исполнительных органов число безработных граждан на фиксированном рынке труда, (зарегистрированных в органах занятости) на 1 октября2012 года составило 56,6  тыс. человек.

С начала текущего  года в органы занятости республики за трудовым посредничеством обратилось  284 тыс. человек, из которых 156,1 тыс. человек были трудоустроены.

Для снижения напряженности на рынке труда местными исполнительными органами проводится систематическая работа по созданию новых рабочих мест.

С начала  года создано 226,1 тыс. новых рабочих мест, из них в сельской местности – 105,9 тысяч. В разрезе отраслей наибольшее количество мест создано в строительстве – 29,1 тыс. рабочих мест,  в торговле – 28,4 тыс., в промышленности – 28,0 тыс., сельском хозяйстве – 20,4 тыс. Из общего количества созданных рабочих мест 163 тыс. – постоянные рабочие места, 63,1 – временные и сезонные.

Проводимые мероприятия в рамках Программы, реализация региональных программ развития территорий оказали положительное влияние на ситуацию на рынке труда в республике.

По предварительной оценке Агентства РК по статистике уровень безработицы в стране снизился до 5,2 % в третьем квартале 2012  года (третий квартал 2011г. 5,3%). При этом численность занятых соответственно увеличилась с 8 443 тыс. человек  до 8 540 тыс. человек. Доля самостоятельно занятых в составе занятого населения уменьшилась с 32,8% до 31,6%.

Реализация программ молодежной практики исоздания социальных рабочих мест способствовали недопущению роста молодежной безработицы. Ее показатель во2квартале 2012 года сложился в 3,8%, что меньше уровня аналогичного периода 2011 года, 4,5%, на 0,7процентных пункта.

Запланированные мероприятия:

- полномасштабная  реализация Программы занятости 2020 и совершенствование ее механизмов;

- завершение работ по переводу государственных услуг в сфере занятости «Регистрация и постановка на учет безработных граждан», «Выдача направлений лицам на участие в активных формах содействия занятости» в электронный формат, путем предоставления их гражданам через портал электронного правительства.

Повышение уровня благосостояния

В реализацию закреплённых в Конституции страны социальных гарантий особое значение занимает политика доходов и организация социальной обеспечения населения.

Основой реализации государственных социальных гарантий являются минимальные социальные стандарты.  

Оплата труда. С 1 января 2012 года минимальный размер заработной платы (МРЗП) установлен в сумме 17 439 тенге, рост по отношению к 2011  году – 15 999 тенге, составил 9 %.

Анализ ситуации в области оплаты труда в республике показывает, что среднемесячная номинальная заработная плата одного работника за январь-август 2012 года составляет 99 336 тенге, и выросла по сравнению с соответствующим периодом 2011 года на 16,5%. Индекс реальной заработной платы за январь-август 2012 года составил 11,1% к соответствующему периоду 2011 года.

Согласно Посланию Президента РК от 6 февраля 2008 года «Рост благосостояния граждан Казахстана - главная цель государственной политики» было запланировано поэтапное двукратное повышение заработной платы работников бюджетной сферы к 2012 году по сравнению с уровнем 2008 года.

В результате проведенных мероприятий по реализации Посланий Главы государства народу Казахстана заработная плата работников бюджетной сферы в 2009 и 2010 годах ежегодно повышалась на 25 %, а с 1 июля 2011 года на 30%.

 

Cоциальное обеспечение и социальное страхование

В настоящее время в стране функционирует многоуровневая модель системы социального обеспечения, в основном соответствующая принципам рыночной экономики и предусматривающая распределение ответственности за социальное обеспечение между государством, работодателем и работником на  базовом, обязательном солидарном и добровольном уровнях.

По солидарной пенсионной системе

С 1 января 2012 года произведено повышение пенсионных выплат на 9 процентов, размер базовой пенсионной выплаты составил 8720 тенге.                       С учетом базовой пенсионной выплаты, в  2012 году на 1 ноября т.г. минимальный размер пенсионной выплаты составил 26 211 тенге, максимальный размер – 56 047 тенге. Средний размер пенсионных выплат с учетом  государственной базовой пенсионной выплаты составил   38 654 тенге.

На 1 ноября 2012 года численность получателей базовых пенсионных выплат составила 1 795,8 тыс. человек, пенсионных выплат - 1 766,8 тыс. человек. За январь-октябрь т.г. расходы выплат базовой пенсии составили  157,8 млрд. тенге, солидарных пенсионных выплат 524,7 млрд. тенге.

Предпринимаемые меры по повышению уровня пенсионного обеспечения позволили превысить  применяемый  в международной практике стандарт замещения утраченного дохода (40%), который составил 43% за счет базовой и солидарной пенсионныхвыплат.

По накопительной пенсионной системе

На сегодняшний день на рынке пенсионных услуг республики осуществляют свою деятельность 11 накопительных пенсионных фондов.

По данным Комитета РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций по состоянию на 1 октября 2012 года объем пенсионных накоплений достиг 3трлн. тенге.

Количество индивидуальных пенсионных счетов за счет обязательных пенсионных взносов составило 8,4 млн. ед.

Сумма чистого инвестиционного дохода превысила 647,7 млрд. тенге.

Объем государственных гарантий сохранности обязательных пенсионных взносов с учетом уровня инфляции на 1 сентября 2012 года составил 3,1 млрд. тенге.

По социальному обеспечению

По состоянию на 1 ноября 2012 года по республике 40,5 тыс. человек  являются получателями государственных специальных пособий по спискам №1 и № 2. В 2012 году  размеры данных пособий составляют 14 562тенге и 12 944  тенге, соответственно, при этом  расходы  на выплату данных пособий составили – 5,7 млрд. тенге.                                                 

В 2012 году размеры государственных социальных пособий (ГСП) повышены на 7 процентов.  На 1 ноября 2012 года  всего в  республике  около 653  тыс. получателей  ГСП,  в том числе  инвалидов  – 471тыс. чел.,  семей, потерявших кормильца  – 160,1тыс., по возрасту – 21,9тыс.чел.   Средний размер ГСП по состоянию на 1 ноября 2012 года составил по инвалидности – 16 711 тенге, по утере кормильца – 8 909 тенге, по возрасту – 8 720 тенге.

По социальному страхованию

С начала введения в действие системы обязательного социального страхования сумма осуществленных социальных выплат из Государственного фонда социального страхования составила 263,2 млрд. тенге,  за 9 месяцев  т.г. - 68,5 млрд. тенге.

С введением с 2005 года обязательного социального страхования, работники формального сектора приобрели дополнительную форму социальной защиты при наступлении 5 социальных рисков.

В результате, при наступлении риска утраты трудоспособности и потери кормильца уровень социального обеспечения лиц, являющихся участниками системы обязательного социального страхования выше, чем у лиц, не являющихся участниками обязательного социального страхования.

Запланированные мероприятия:

В соответствии с пунктом 3 статьи 5 Закона Республики Казахстан от 20 июня 1997 года «О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан» повышение размеров пенсионных выплат из Государственного центра по выплате пенсий производится ежегодно.

Внастоящее время в Парламенте РК находится проект Закона Республики Казахстан «О республиканском бюджете на 2013-2015 годы»  сформированныйна основе базового прогноза макроэкономических показателей на 2013-2017 годысогласно которому с      1 января 2013 года повышаются следующие показатели:

- минимальная пенсия (для назначаемых в 2013 году) – 19 066 тенге;

- базовая пенсионная выплата – 9 330 тенге (50% ПМ).

Размеры пенсионных выплат,в т.ч.  в неполном объеме, с 1 января 2013 года повышаются на 9% от получаемого размера.

Размеры государственных базовых социальных пособий по инвалидности, по случаю потери кормильца и по возрасту с 1 января 2013 года повышаются в связи с изменением уровня прожиточногоминимума.

Размеры государственных специальных пособий лиц, проработавшихна подземных и открытых горных работах, на работах с особо вредными и особо тяжелыми условиями труда по Спискам № 1 и № 2 повышаются в связи с увеличением размера месячногорасчетногопоказателя.

 

Социальная поддержка материнства и детства

В соответствии с законодательством семьям, имеющим детей,  выплачиваются 4 вида государственных пособий.

По состоянию на 1 ноября 2012 года пособие на рождение (независимо от доходов) получили 322,8 тыс. человек, что на 5,7 % меньше аналогичного периода 2011 года. При этом расходы на выплату пособия составили 17 млрд. тенге.

За указанный период,пособием по уходу за ребенкомпо достижению им одного года (независимо от доходов), охвачено в среднем  147,8 тыс. человек, что выше на 2,4 % аналогичного периода прошлого года. При этом расходы на выплату пособия составили 20,4 млрд. тенге.

Семьям со среднедушевыми доходами ниже стоимости продовольственной корзины (60% от прожиточного минимума) выплачивается ежемесячное пособие на детей до 18 лет.  По итогам 10-ти месяцев т.г.пособием на детей до 18 лет из малообеспеченных семей  охвачено 593,5 тыс. детей, что меньше на 7,3 % по сравнению с 2011 годом, при этом сумма назначений составила 7 млрд. тенге.

Пособие лицам, воспитывающим  ребенка-инвалида (независимо от доходов) по состоянию на 1 ноября 2012 года получили 58,6 тыс. человек, на общую сумму 10,6 млрд. тенге.

Запланированные мероприятия:

В настоящее время завершается работа по переводу государственной услуги «Назначение пособий на рождение ребенка и по уходу за ребенком» в электронный формат,  путем предоставления еегражданам через портал электронного правительства.

 

 

Социальная поддержка уязвимых категорий населения

По данным Агентства РК по статистике в третьем квартале 2012 года прожиточный минимум (далее – ПМ) составил 17 689 тенге и по сравнению с аналогичным периодом 2011 года вырос на 4,5 % (16 930 тенге).

Доля населения с доходами ниже ПМ во втором квартале 2012 года составила 4,1% (городская местность – 2,2%, сельская местность – 6,4%) и уменьшилась по сравнению с аналогичным периодом 2011года на                1,8процентных пункта (5,9%).

Специальное государственное пособие

На 1 ноября 2012 года специальным государственным пособием  охвачено в среднем 1289,0 тыс. человек, что в сравнении с аналогичным периодом прошлого года больше на 0,2 %.

При этом расходы на выплату пособия составили 62,8 млрд. тенге или увеличились на 4,9% в сравнении с аналогичным периодом прошлого года.

Адресная социальная помощь (АСП)

По состоянию на 1 ноября 2012 года АСП назначена 94,4 тыс. гражданам с доходами ниже черты бедности. Сумма назначений за данный период составила 1,6млрд. тенге.

Доля безработных граждан в общей численности получателей АСП снизилась на 0,5 процентных пункта и составляет 7,6 %. 

Наибольший удельный вес среди получателей АСП занимают  дети – 62,3%, что в сравнении с аналогичным периодом прошлого года больше на 1,3%.

Жилищная помощь

За 3 квартал 2012 года жилищная помощь назначена 105,6  тыс. семей, что на 15,7 % меньше по сравнению с аналогичным периодом 2011 года. При этом сумма назначений составила 2,1 млрд. тенге. Средний размер жилищной помощи увеличился на 25,1 %  и составил 2168,9 тенге.

Запланированные мероприятия:

- выработка предложений по совершенствованию методологии определения прожиточного минимума;

- стимулирование экономической активности трудоспособной части малообеспеченного населения в рамках Программы занятости – 2020.

 

Предоставление специальных социальных услуг

В соответствии  с Законом РК «О специальных социальных услугах» проводится реформа системы  социального обслуживанияуслуг, поэтапно внедряются стандарты предоставления специальных социальных услуг.

Объем затрат за 2009-2011 годы из республиканского бюджета на реализацию 1 этапа реформы составил более 17,5  млрд. тенге.

По состоянию на начало года системой социального обслуживания было охвачено свыше 78 тыс. престарелых и инвалидов, в том числе детей – инвалидов в  103 организациях стационарного типа, в 37 организациях полустационарного типа и   482 организациях по уходу на дому.

Справочно:20 тыс. престарелых и инвалидов, в том числе детей – инвалидов в 103 медико-социальных учреждениях стационарного типа; 7,2 тыс. человек в 37 организациях полустационарного типа;51 тыс. человек в 482 отделениях социальной помощи на дому для  престарелых и инвалидов, в том числе детей – инвалидов.

Внедрение новой системы предоставления специальных социальных услуг реализуется и в рамках государственного социального заказа в неправительственном секторе.

В 2012году социальный заказ по предоставлению специальных социальных услуг был реализован в 16регионах среди 52НПО с охватом более 2тыс.человек.

Всего из средств республиканского бюджета в 2012году на реализацию Стандартов направлено 2,2млрд. тенге, в том числе на:

введение стандартов  в  медико-социальных учреждениях  –   1451,2 млн. тенге;

размещение государственного социального заказа среди НПО –  457,3 млн. тенге;

развитие сети отделений дневного пребывания  – 300,4  млн. тенге.

С января 2012 года  начато пилотное внедрение Стандарта оказания специальных социальных услуг для лиц без определенного места жительства в четырех регионах - гг. Астана и Алматы, Восточно-Казахстанской и Костанайской областях за счет средств республиканского бюджета в размере 155,6 млн. тенге.

Запланированные мероприятия:

- совершенствование институциональной системы оказания специальных социальных услуг;

- развитие альтернативных форм оказание специальных социальных услуг;

- развитие конкурентного рынка оказания специальных социальных услуг.

 

О социальной защите инвалидов

Законодательной основой социальной защиты инвалидов в Казахстане, является Закон РК «О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан», согласно которому для каждого инвалида, в соответствии с реабилитационным потенциалом разрабатывается индивидуальная программа реабилитации, которая состоит из медицинской, социальной и профессиональной частей.

За 2011 год  оказанием протезно-ортопедической, слухопротезной помощи, предоставлением кресел-колясок, сурдо- и тифло- технических средств, санаторно-курортным лечением, услугами специалистов жестового языка и индивидуальных помощников в соответствии с индивидуальной программой реабилитациибыло охвачено порядка 88 тыс.лиц с ограниченными возможностями, или 93 % от общего числа нуждающихся.

Справочно:протезно-ортопедическими изделиями и протезно-ортопедической помощью обеспечено более 14,3 тыс. инвалидов,  приобретено около 5,2 тысяч кресло – колясок, предоставлено 7,9 тыс. сурдотехнических средств, 7,8 тысяч тифлотехнических средств, более 25,8 тысяч инвалидов получили обязательные гигиенические средства. Услугами индивидуального помощника обеспечено 8,7 тыс. инвалидов, специалиста жестового языка - 3,3 тыс. инвалидов.

В целях обеспечения беспрепятственного доступа инвалидов к социальной и транспортной инфраструктуре проводится инвентаризация объектов. 

Мониторинг инвентаризации показал, что на 1 января 2012 года по республике инвалидам было доступно 11,4 тыс.подъездных путей, пандусов, устройств для инвалидных колясок (32 %),  оборудовано 485 пешеходных переходов звуковыми и световыми устройствами (10 %), доступно 879 специальных автобусов для обслуживания инвалидов (6 %), обустроено3,7 тыс.пассажирских остановок для посадки в транспорт общего пользования инвалидов, имеющих затруднения в передвижении (30 %), функционирует 132 инватакси.

В настоящее время в Казахстане ведется работа по созданию условий к ратификации Конвенции ООН о правах инвалидов и Факультативный протокол к Конвенции о правах инвалидов.

Запланированные мероприятия:

В целях создания равных условий для участия лиц с ограниченными возможностями во сферах жизнедеятельности (доступная среда),реформирование системы социальной защиты инвалидов продолжится в рамках реализации этапов Плана действий по обеспечению прав и улучшению качества жизни инвалидов в Республике Казахстан на 2012-2018 годы (далее – План мероприятий), в который вошел комплекс мероприятий, направленный на  ликвидацию основополагающих барьеров, препятствующих инвалидам реализовывать и развивать имеющиеся у них возможности во всех сферах общественной жизни, принося благо не только самим себе, но и обществу.

16 января 2012 года постановлением Правительства Республики Казахстан № 64 утвержден первый этап (2012-2013 годы) Плана мероприятий, который предусматривает 3 задачи:

Первая задача – проведение унификации законодательства в сфере защиты прав, свобод и интересов инвалидов путем внесения изменений и дополнений в нормативные правовые акты. Для реализации вышеназванных мероприятий рабочей группой выработаны предложения по внесению изменений и дополнений в 24 нормативных правовых акта, затронувшие 85 норм.

Вторая задача – оценка состояния доступности объектов и услуг в основных сферах жизнедеятельности инвалидов путем проведения  паспортизации объектов социальной, транспортной инфраструктуры (далее - инвентаризация (паспортизация) объектов).

Третья задача – повышение уровня информированности населения, через информационно-разъяснительную работу, направленную на формирование позитивного отношения общества к проблемам инвалидности.